
Rolex Cosmograph Daytona 40 мм, Сары Rolesor- Oystersteel болаты және сары алтынның бірігуі RMC: M126503-0003
Баға сұраныс бойынша беріледі





Rolex кепілдігі
Жасыл мөр
Rolex сыйлық қорабы
-
СІЛТЕМЕ
126503
-
Модельдің корпусы
Oyster, 40 мм, Oystersteel және сары алтын
-
БЕЗЕЛЬ
Бекітілген, оймышталған тахиметрлік межелік, сары алтын
-
СУҒА ТӨЗІМДІ
Суға төзімділігі 100 метрге / 330 футқа дейін
-
Сағат механизмі
Perpetual, механикалық хронограф, автоматты түрде құлағынан бұрау
-
КАЛИБР
4131, Rolex өндіру зауыты
-
қуат қоры
Шамамен 72 сағат
-
Бау
Oyster, үшқатарлы сом түйіндер
-
ЦИФЕРБЛАТ
Қара, алтын есептеуіш сақиналар
-
СЕРТИФИКАТТАР
Дәлдігі жоғары хронометр (механизмді корпусына орнатқаннан кейін COSC + Rolex сертификациясы)
Тахиметрлік межелік
Тахиметрлік межелік, үш есептеуіш және түймелермен жабдықталған Cosmograph Daytona моделі нағыз автошабандоздарға арналған құрал. Тахиметрлік межелікпен безель қашықтықтың өлшенген уақыты негізінде орташа жылдамдықты анықтауға мүмкіндік береді. Бұл межелік Cosmograph Daytona моделінде жылдамдықты сағатына 400 бірлікке дейін, километр немесе миль өлшемінде, анықтауға болатын тамаша құрал ретінде оңтайлы оқу ажыратымдылығымен ұсынады.

Қара циферблат
Бұл модель тозаңдалған жабынды есептегіштері бар қара циферблат, жоғары ажыратымдылықты люминесцентті материал Chromalight дисплейі бар 18-караттық алтын жағылған сағат таңбалары және тілдерімен ерекшеленеді. Жүргізушілер өздерінің уақытын және әрекеттерін дәл белгілей алады.

Сары Rolesor
Алтын жалтырауымен және асылдығымен бағаланады. Болат күштілікті және сенімділікті бейнелейді. Бірігіп олар өз қасиеттерінің өте тиімді тіркесімін құрайды. Rolesor биметалл орындалымы - Rolex бұйымдарындағы фирмалық ерекшелік, 1930 жылдардың басында пайда болды, ал 1933 жылы сауда белгісі ретінде шықты. Қазіргі уақытта ол Oyster коллекциясының негізгі ерекшеліктерінің бірі.


Модельдің қолжетімділігі
Жоғары деңгейлі сапаны қамтамасыз ету үшін барлық Rolex сағаттары аса мұқияттылықпен қолмен құрастырылады. Әрине, сондай жоғары стандарттар Rolex өндірісінің санын шектейді, сондықтан кейде Rolex сағаттарына деген сұраныс өндірістік мүмкіндіктерден асып кетеді.
Соған байланысты, кей модельдердің қолжетімділігі шектеулі болуы мүмкін. Жаңа Rolex сағаттарын тек Rolex бұйымының ресми дистрибьюторлары ғана сата алады. Олар жеткізілімдерді жүйелі түрде алады және сағаттарды клиенттерге таратуды және сатуды тәуелсіз басқарады.
ACRE Rolex бұйымының ресми дистрибьюторларының ғаламдық желісінің бөлігі болғанына мақтан тұтады және қолжетімді Rolex сағаттары туралы ақпаратты қамтамасыз ете алады.
Связаться с нами
Send us a message


Хабар жіберу
Өз хабарыңызды енгізіңіз
Rolex сағаттарына қызығушылық танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Өз хабарыңызды енгізіңіз, біз сізге жақын арада жауап береміз
Хабар жіберу
Хабарыңызды енгізіңіз
Хабар жіберу
Рақмет
Сіздің хабарыңыз ACRE Rolex командасына сәтті жіберілді
Біздің Rolex сату кеңесшілеріміздің бірі сауалыңызды қарастырады және мүмкіндігінше тезірек жауап беруге тырысады.

