menu

Menu

Rolex Sea-Dweller in Oystersteel болаты M126600-0002 at ACRE

Rolex Sea-Dweller 43 мм, Oystersteel болаты RMC: M126600-0002

Баға сұраныс бойынша беріледі

Ұсынылған бөлшек баға, ҚҚС-ты қоса алғанда. Ұсынылған баға кез келген уақытта алдын ала ескертусіз өзгертіле алады.
Rolex Sea-Dweller in Oystersteel болаты M126600-0002 at ACRE Rolex Sea-Dweller in Oystersteel болаты M126600-0002 at ACRE Rolex Sea-Dweller in Oystersteel болаты M126600-0002 at ACRE Rolex Sea-Dweller in Oystersteel болаты M126600-0002 at ACRE
ACRE - Almaty ресми rolex дистрибьюторы

Rolex кепілдігі

Rolex сағат бұйымдарын дәл және сенімді болуын қамтамасыз ету үшін әр сағатты құрастырғаннан кейін қатаң сынақтардан өткізеді. Rolex ресми дистрибьюторларының бірінен сатып алынған барлық жаңа Rolex сағатттарына бесжылдық халықаралық кепілдік бар. Rolex бұйымын сатып алғанда, Ресми дистрибьютор сағатыңыз түпнұсқа екенін растайтын Rolex кепілдік картасын толтырады және күнін белгілейді.

Жасыл мөр

Барлық Rolex модельдеріне берілетін бес жылдық кепілдік Superlative Chronometer мәртебесінің символы — жасыл мөрмен бекітіледі. Бұл эксклюзивті таңба сағат механизмінің ресми COSC сертификатына қосымша, Rolex зертханаларында арнайы қорытынды бақылаулардан сәтті өткенін растайды.

Rolex сыйлық қорабы

Әр Rolex бұйымын әдемі жасыл сыйлық қорабында жеткізеді, ол оның ішінде орналасқан асыл тасты әрі қорғайды, әрі сақтайды. Сыйлық қорабы — сыйлық берудің символы, сондықтан сыйлық ретінде сатып алсаңыз, оны алушының Rolex бұйымымен алғашқы байланысы ішінде не жатқанын білгісі келу болады.
  • СІЛТЕМЕ

    126600

  • Модельдің корпусы

    Oyster, 43 мм, Oystersteel

  • БЕЗЕЛЬ

    Бір бағытта айналмалы 60 минуттық етіп ойылған, қара керамикадан жасалған Cerachrom безелі сызатқа төзімді, сандар және межеліктегі таңбалар платинамен қапталған

  • СУҒА ТӨЗІМДІ

    Суға төзімділігі 1220 метрге / 4000 футқа дейін, гелиийдің шығару клапаны

  • Сағат механизмі

    Perpetual, механикалық, автоматты түрде құлағынан бұрау

  • КАЛИБР

    3235, Rolex өндіру зауыты

  • қуат қоры

    Шамамен 70 сағат

  • Бау

    Oyster, үшқатарлы сом түйіндер

  • ЦИФЕРБЛАТ

    Қою қара

  • СЕРТИФИКАТТАР

    Дәлдігі жоғары хронометр (механизмді корпусына орнатқаннан кейін COSC + Rolex сертификациясы)

Брошюраны жүктеп алыңыз

Керамикалық безель және люминесцентті дисплей

Sea-Dweller моделінің 60 минуттық етіп ойылған, бір бағытта айналмалы безелі сүңгуірлерге сүңгу уақытында және декомпрессиондық тоқтау кезінде уақытты дәл және қауіпсіз бақылауға мүмкіндік береді. Ол Rolex компаниясы шығарған патенттелген қара Cerachrom безелінің дискімен жабдықталған, оның түсі ультракүлгін сәулелердің әсеріне ұшырамайды және іс жүзінде сызатқа төзімді керамикадан жасалған. Таңбаламасы платинаның жұқа қабатымен PVD (Physical Vapor Deposition – металл буларын конденсациялау) технологиясы арқылы жабындалған. Минимализм стилінде жасалған циферблатта Chromalight ірі көрсеткіштері мен таңбалары ерекшеленеді, оған қараңғы кезде керемет көруге болатын ұзақ уақытқа жететін ашық көк жарық люминесцентті материалмен толтырылған.

Rolex Sea-Dweller in Oystersteel болаты M126600-0002 at ACRE

Қанық қара циферблат

Sea-Dweller сағатының қара циферблатында үлкен тілдері бар және Rolex кәсіби модельдеріне арналған көрсеткіштері сақталған. Циферблатта “Sea-Dweller” атауы түпнұсқа модельге сілтеме ретінде қызыл түспен жазылған. Циферблаттағы Chromalight көрсеткішінің жаңашыл жүйесі қараңғыда оқу мүмкіндігін айтарлықтай жақсартады. Оның айрықша көк жарығы сегіз сағатқа дейін жетеді, бұл дәстүрлі люминесцентті материалдардың жарықты қамтамасыз етуімен салыстырғанда іс жүзінде екі есе артық.

Rolex Sea-Dweller in Oystersteel болаты M126600-0002 at ACRE

Oystersteel болаты

Rolex өзінің болат сағат корпустары үшін Oystersteel материалын қолданады. Компания арнайы әзірлеген Oystersteel 904L болат тобына жатады, ол коррозияға аса төзімділік қажет жоғары технологияда және аэроғарыш пен химиялық өнеркәсіптерде қолданылады. Oystersteel болаты жоғары төзімділігімен ерекшеленеді, керемет жылтырап өңделеді және қатаң сыртқы жағдайларда пайдаланған кезде де өзінің бастапқы сұлулығын сақтайды.

Rolex Sea-Dweller in Oystersteel болаты M126600-0002 at ACRE
ACRE - Almaty ресми rolex дистрибьюторы

Модельдің қолжетімділігі

Жоғары деңгейлі сапаны қамтамасыз ету үшін барлық Rolex сағаттары аса мұқияттылықпен қолмен құрастырылады. Әрине, сондай жоғары стандарттар Rolex өндірісінің санын шектейді, сондықтан кейде Rolex сағаттарына деген сұраныс өндірістік мүмкіндіктерден асып кетеді.

 

Соған байланысты, кей модельдердің қолжетімділігі шектеулі болуы мүмкін. Жаңа Rolex сағаттарын тек Rolex бұйымының ресми дистрибьюторлары ғана сата алады. Олар жеткізілімдерді жүйелі түрде алады және сағаттарды клиенттерге таратуды және сатуды тәуелсіз басқарады.

 

ACRE Rolex бұйымының ресми дистрибьюторларының ғаламдық желісінің бөлігі болғанына мақтан тұтады және қолжетімді Rolex сағаттары туралы ақпаратты қамтамасыз ете алады.

Связаться с нами

Send us a message

{#CLIENT#} байланысу нысаны - rolex сағаттарының ресми дистрибьюторы {#CLIENT#} байланысу нысаны - rolex сағаттарының ресми дистрибьюторы

Хабар жіберу

Өз хабарыңызды енгізіңіз

Rolex сағаттарына қызығушылық танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Өз хабарыңызды енгізіңіз, біз сізге жақын арада жауап береміз

Хабар жіберу

Хабарыңызды енгізіңіз

* Міндетті

Хабар жіберу

Рақмет

Сіздің хабарыңыз ACRE Rolex командасына сәтті жіберілді

Біздің Rolex сату кеңесшілеріміздің бірі сауалыңызды қарастырады және мүмкіндігінше тезірек жауап беруге тырысады.

{#CLIENT#} байланысу нысаны - rolex сағаттарының ресми дистрибьюторы {#CLIENT#} байланысу нысаны - rolex сағаттарының ресми дистрибьюторы
Rolex сағаттары - ACRE Rolex сағаттары - ACRE
Rolex Sea-Dweller
Тереңдік азаматы
Көбірек білу үшін

Іздеуді жалғастырыңыз