Rolex Yacht-Master 37 Oyster, 37 мм, Oystersteel және Everose алтыны RMC: M268621-0003
Баға сұраныс бойынша беріледі
Rolex кепілдігі
Жасыл мөр
Rolex сыйлық қорабы
-
СІЛТЕМЕ
268621
-
Модельдің корпусы
Oyster, 37 мм, Oystersteel және Everose алтыны
-
БЕЗЕЛЬ
Everose алтыны, шығыңқы цифрлармен екі бағытта айналмалы 60 минуттық етіп ойылған
-
СУҒА ТӨЗІМДІ
Суға төзімділігі 100 метрге / 330 футқа дейін
-
Сағат механизмі
Perpetual, механикалық, автоматты түрде құлағынан бұрау
-
КАЛИБР
236, Rolex өндіру зауыты
-
қуат қоры
Шамамен 55 сағат
-
Бау
Oyster, үшқатарлы сом түйіндер
-
ЦИФЕРБЛАТ
Шоколад
-
СЕРТИФИКАТТАР
Superlative Chronometer (механизмді корпусына орнатқан соң хронометрдің ресми сертификациясы + Rolex сертификациясы)
Екі бағытта айналмалы безель
Yacht-Master моделінің екі бағытта айналмалы 60 минуттық етіп ойылған безелі асыл материалдардан жасалған (Everose алтыны немесе платина) немесе моделіне байланысты жоғары технологиялық керамикадағы Cerachrom дискімен жабдықталған. Өңделген шығыңқы цифрлар мен межеліктегі таңбалар құм ағынымен өңделген беттің күңгірт фонында керемет ерекшеленеді. Бұл функционалдық безельдің, мысалы, иесіне екі қалтқы арасындағы жүзу уақытын есептеуге мүмкіндік беруі де, бұл модельдің көрнекі ерекшелігінің маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.
Шоколад түсті циферблат
Барлық Rolex Professional сағаттары тәрізді, Yacht-Master 37, әсіресе, қараңғы кезде өзінің Chromalight дисплейінің арқасында барлық жағдайларда керемет оқылу мүмкіндігін ұсынады. Кең тілдері және сағат таңбалары қарапайым пішімдерден тұрады - үшбұрыштар, шеңберлер, тіктөртбұрыштар - және ұзақ уақытқа жарқыл беретін люминесцентті материалмен толтырылған.
Everose Rolesor
Алтын жалтырауымен және асылдығымен бағаланады. Болат күштілікті және сенімділікті бейнелейді. Бірігіп олар өз қасиеттерінің өте тиімді тіркесімін құрайды. Rolesor — Rolex бұйымдарындағы фирмалық ерекшелік, 1930 жылдардың басында пайда болды, ал 1933 жылы сауда белгісі ретінде шықты. Қазіргі уақытта ол Oyster Perpetual коллекциясының негізгі ерекшеліктерінің бірі.
Модельдің қолжетімділігі
Жоғары деңгейлі сапаны қамтамасыз ету үшін барлық Rolex сағаттары аса мұқияттылықпен қолмен құрастырылады. Әрине, сондай жоғары стандарттар Rolex өндірісінің санын шектейді, сондықтан кейде Rolex сағаттарына деген сұраныс өндірістік мүмкіндіктерден асып кетеді.
Соған байланысты, кей модельдердің қолжетімділігі шектеулі болуы мүмкін. Жаңа Rolex сағаттарын тек Rolex бұйымының ресми дистрибьюторлары ғана сата алады. Олар жеткізілімдерді жүйелі түрде алады және сағаттарды клиенттерге таратуды және сатуды тәуелсіз басқарады.
ACRE Rolex бұйымының ресми дистрибьюторларының ғаламдық желісінің бөлігі болғанына мақтан тұтады және қолжетімді Rolex сағаттары туралы ақпаратты қамтамасыз ете алады.
Связаться с нами
Send us a message
Хабар жіберу
Өз хабарыңызды енгізіңіз
Rolex сағаттарына қызығушылық танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Өз хабарыңызды енгізіңіз, біз сізге жақын арада жауап береміз
Хабар жіберу
Хабарыңызды енгізіңіз
Хабар жіберу
Рақмет
Сіздің хабарыңыз ACRE Rolex командасына сәтті жіберілді
Біздің Rolex сату кеңесшілеріміздің бірі сауалыңызды қарастырады және мүмкіндігінше тезірек жауап беруге тырысады.