Rolex Yacht-Master II Oyster, 44 мм, Oystersteel RMC: M126680-0001
Баға сұраныс бойынша беріледі
Rolex кепілдігі
Жасыл мөр
Rolex сыйлық қорабы
-
СІЛТЕМЕ
126680
-
Модельдің корпусы
Oyster, 44 мм, Oystersteel
-
БЕЗЕЛЬ
Керамикадан жасалған көк Cerachrom тегерігі бар екі бағытта айналмалы 60 минут етіп ойылған безель. Құю әдісімен қалыпқа салынған, платинамен қапталған оймалы бөліктер мен сандар
-
СУҒА ТӨЗІМДІ
Суға төзімділігі 100 метрге / 330 футқа дейін
-
Сағат механизмі
Perpetual, механикалық, автоматты түрде құлағынан бұрау
-
КАЛИБР
4162, Rolex өндіру зауыты
-
қуат қоры
Шамамен 72 сағат
-
Бау
Oyster, үшқатарлы сом түйіндер
-
ЦИФЕРБЛАТ
Ақ
-
СЕРТИФИКАТТАР
Superlative Chronometer (механизмді корпусына орнатқан соң хронометрдің ресми сертификациясы + Rolex сертификациясы)
Cerachrom безелінің тегерігі
Yacht-Master II моделі 60 минуттық ойылған көк керамикадан жасалған Cerachrom тегерігі бар екі бағытта айналмалы безельмен ерекшеленеді. Rolex қолданатын берік және іс жүзінде сызатқа төзімді, жоғары технологиялық керамика оған өңдеу кезінде арнайы құралдарды талап етеді. Оның тұрақты түсіне ультракүлгін сәуле әсер етпейді, ал химиялық құрамының арқасында бұл керамика инертті және коррозияға ұшырамайды. Бұл көк Cerachrom дискіде қалыпқа құйылған, ойық таңбалар мен сандар PVD (металл буын конденсациялау) технологиясы арқылы платинамен немесе көк алтынмен жабындалған. Межеліктің алғашқы жарты сағатының әр минуты белгіленген. Безель бейтарап қалыпта болған кезде, кері санаудың соңғы 30 секундын хронографтың ортаңғы секунд тілі арқылы толығырақ оқуға болады. Ойылған безельдің бұдырлы жиегі ұстауды ыңғайлы етіп, оны тағушыға уақыт аралықтарын, мысалы, екі қалтқы арасындағы жүзу уақытын оңай өлшеуге мүмкіндік береді.
Ақ циферблат
Дисплей әртүрлі функциялардың анық оқылуын қамтамасыз етеді. Циферблат шағылысуды азайту үшін жаңа ақ лакпен жабылған және Кәсіби санаттағы сағаттардың символы болып табылатын салмалы сағат белгілерімен безендірілген. Кері санау функциясына арналған фланец циферблатта өте дәл орналасқан – бұл қасиеті үшін патентке өтінім берілген. Ол 10 минуттан 0 минутқа дейін ойылған, ал жарты минут үшбұрыштармен көрсетілген.
Oystersteel болаты
Rolex өзінің болат сағат корпустары үшін Oystersteel материалын қолданады. Компания арнайы әзірлеген Oystersteel 904L болат тобына жатады, ол коррозияға аса төзімділік қажет жоғары технологияда және аэроғарыш пен химиялық өнеркәсіптерде қолданылады. Oystersteel болаты жоғары төзімділігімен ерекшеленеді, керемет жылтырап өңделеді және қатаң сыртқы жағдайларда пайдаланған кезде де өзінің бастапқы сұлулығын сақтайды.
Модельдің қолжетімділігі
Жоғары деңгейлі сапаны қамтамасыз ету үшін барлық Rolex сағаттары аса мұқияттылықпен қолмен құрастырылады. Әрине, сондай жоғары стандарттар Rolex өндірісінің санын шектейді, сондықтан кейде Rolex сағаттарына деген сұраныс өндірістік мүмкіндіктерден асып кетеді.
Соған байланысты, кей модельдердің қолжетімділігі шектеулі болуы мүмкін. Жаңа Rolex сағаттарын тек Rolex бұйымының ресми дистрибьюторлары ғана сата алады. Олар жеткізілімдерді жүйелі түрде алады және сағаттарды клиенттерге таратуды және сатуды тәуелсіз басқарады.
ACRE Rolex бұйымының ресми дистрибьюторларының ғаламдық желісінің бөлігі болғанына мақтан тұтады және қолжетімді Rolex сағаттары туралы ақпаратты қамтамасыз ете алады.
Связаться с нами
Send us a message
Хабар жіберу
Өз хабарыңызды енгізіңіз
Rolex сағаттарына қызығушылық танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Өз хабарыңызды енгізіңіз, біз сізге жақын арада жауап береміз
Хабар жіберу
Хабарыңызды енгізіңіз
Хабар жіберу
Рақмет
Сіздің хабарыңыз ACRE Rolex командасына сәтті жіберілді
Біздің Rolex сату кеңесшілеріміздің бірі сауалыңызды қарастырады және мүмкіндігінше тезірек жауап беруге тырысады.