Rolex және АҚШ ашық чемпионаты
АҚШ-тың ашық чемпионаты - Үлкен шлем (Grand Slam®) теннис турнирі маусымының жабылуы. 50 жылға жуық дүниежүзілік спорттың артықшылықты серіктесі ретінде Rolex 2018 жылдан бері осы шараның ресми сағаты болып табылады.


1881-де ашылған бұл турнир 1978 жылдан бастап Нью-Йорк қаласындағы Флашинг Медоуста USTA Billie Jean King ұлттық теннис орталығында қатты төсем алаңында өтеді.Оның жарысқа арналған 17 кортының ішінде Артур Эш стадионы көрме аренасы болып табылады, сыйымдылығы 23800-ге жететін орны бар және әлемдегі ең үлкен стадионның бірі.


Энергия байланысы
АҚШ ашық чемпионаты қызықты көңіл-күйімен және «ешқашан ұйықтамайтын қала» Нью-Йорк бейнесімен танымал. Бұл жарқын, динамикалық шарада көрермендер трибунадағы әрекетімен сезімдеріне ерік береді. Матчтар кезінде, жанкүйерлер, корт және қала энергиясы біріктіріліп, ойыншыларға дем береді.


Rolex серікстес қолдаушылары және АҚШ ашық чемпионаты
Осы еліктіретін атмосферада Grand Slam® (Үлкен шлем) турниріндегі матчтар аңызға айналды. Роджер Федерер 2004 - 2008 жылдар аралығында қатарынан жеңіп алған бес титулы ел есінде қалды.
Rolex компаниясының серіктес қолдаушылары арасында АҚШ ашық чемпионатының басқа да теннис чемпиондары бар: Род Лэйвер, Крис Эверт, Стефан Эдберг, Пэт Рафтер, Джастин Хенин, Хуан Мартин дель Потро, Анджелик Кербер, Слоан Стивенс, Бьянка Андрееску және Доминик Тим. 2022 жылы Ига Швентек пен Карлос Алькарас осы ерекше тізімге өз есімдерін қосты, келесі жылы Коко Гауф оларға қосылды.
Олардың барлығы техникалық дәлдікке және өздерін әрқашан жетілдіруге ұмтылады.


Жаңашылдар турнирі
АҚШ ашық чемпионаты теннистегі инновациялар үшін құнарлы алаң болып табылады.Тайбрейкті енгізу және түнгі ойындарды жоспарлау, Hawk-Eye Live – бұл төреге доптың қону орны туралы дереу шешім қабылдауға жағдай жасауға мүмкіндік беретің сандық төрешілік жүйесің жүзеге асыруға дейін – бұның барлығы турнир әрдайым қызықты болып қалуы үшін барлық күш-жігер жұмсалады.


Rolex және теннис: 50 жылға жуық серіктестер
Rolex алғаш рет 1978 жылы Уимблдон чемпионатының серіктесі болғаннан бері бренд ортақ философиясы бар тенниспен ерекше қарым-қатынаста болды: үнемі жетілдіруге ұмтылу, дәлдік пен инновацияға деген құштарлық, қозғалыстардың талғампаздығы, мызғымас күш-жігер, дәстүрлерді құрметтеу және әрқашан жеке мүмкіндіктерден асып түсуге деген ұмтылыс.


Көптеген жылдар бойы Rolex ерлер мен әйелдер турнирінде әлемдік теннистің Премиум серіктесі бола отырып, спорттағы үлесін кеңейтті.
Бренд көптеген ірі жарыстарға, соның ішінде төрт Grand Slam® турниріне, маусымы аяқталатын ATP және WTA финалдарына, барлық жоғары дәрежелі ATP Masters және тоғыз WTA 1000 шарасына, сондай-ақ негізгі халықаралық командалық жарыстарға, Дэвис кубогы финалдарына және Лейвер кубогына қолдау көрсетеді.

