

2025 жылғы жаңа циферблаттар
Эксклюзивті циферблаттар
Күтпеген ерекше әсемдік
Батыл конфигурациядағы үш модель. Түстер мен материалдардың өзіндік тіркесімі жаңа эмоцияларды тудырады. Oyster Perpetual Cosmograph Daytona, GMT-Master II және Sky-Dweller сағаттары олардың аурасын күшейтетін жаңа циферблаттармен ұсынылады.
Rolex өздерінің техникалық жағынан күрделі және символдық дизайнымен танымал үш дәстүрлі классикалық моделінде жарқыраған жаңа циферблаттарды ұсынады.
Oyster Perpetual Cosmograph Daytona ашық қара есептеуіштері бар жарқыраған көгілдір түске лакталған циферблатпен жабдықталған. 18-караттық сары алтында жасалған бұл жаңа сағат атақты тахиметрлік межелікті көрсететін қара Cerachrom безелімен тәжделген және оны Oysterlock қауіпсіздік түймелігі бар Oyster білезігі толықтырады.


Oyster Perpetual GMT-Master моделі жолбарыс терісі тәріздес темірден жасалған жаңа циферблатпен ұсынылады. Құрамында жолбарыс көзі, қызыл яшма және күміс гематит бар табиғи тастың гибридті түрі ерекше тартымды. Сағат қоңыр және қара Cerachrom безелінің тегерігімен 18-караттық Everose алтынында ұсынылды. Ол Oyster білезігімен жабдықталған, ал бізезік Oysterlock қауіпсіздік түймелігі жабдықталған.


Oyster Perpetual Sky-Dweller әлем саяхатшылары үшін сенімді серіктес. Jubilee білезігі қосымша сән береді, сонымен қатар ол 18-караттық сары алтыннан жасалған және Oysterclasp түймелігімен жабдықталған.


Жоғары технологиялық керамика
Rolex өзінің сағат корпустарының арнайы элементтерін жасауға арналған ерекше керамика жасауда ізашар рөл атқарды. Бұл материалдар іс жүзінде сызаттарға төзімді, әрі олардың түстерінде де сирек қарқындылық бар және қоршаған орта әсерлеріне төзімді. Компания керамикалық компоненттерді өндіруде оған толық тәуелсіздік беретін эксклюзивті тәжірибе мен инновациялық өндіріс әдістерін дамытты.
Көгілдір түсті лакталған циферблаты бар 18-караттық сары алтыннан жасалған Cosmograph Daytona қара керамикада тұтас құйылған Cerachrom безелімен ерекшеленеді. Жолбарыс терісі тәріздес темір циферблаты бар 18-караттық Everose алтынынан жасалған GMT-Master II моделінде екі бағытта айналмалы безель қоңыр және қара керамикадан жасалған 24 сағаттық етіп ойылған екі түсті Cerachrom безель дискі бар.


Науалы безель, дәстүрлі классикалық ерекшелік
1926 жылы Oyster корпусын ойлап тапқаннан бері Oyster Perpetual коллекциясындағы көптеген классикалық үлгілерде науалы безель ұсынылған. Оның оймасы бастапқыда безельді ортаңғы корпусқа бұрау үшін қолданылған, осылайша су өткізбейтін рөлді жанама түрде ойнады. Алайда бүгінде ол көбінесе эстетикалық рөл атқарады.
Тек 18-караттық алтыннан немесе 950 сынамасындағы платинадан жасалған науалы безель брендтің бірегей тәжірибесінің нәтижесі және стилистикалық мұрасының бір ерекшелігі.


Oyster корпусы, суға төзімділік символы
Cosmograph Daytona және GMT-Master II моделінің – екеуінің де диаметрі 40 мм – сонымен қатар, Sky-Dweller – 42 мм –Oyster корпусы беріктік, сенімділік пен талғампаздық үлгісі, 100 метр (330 фут) тереңдікке дейін судың өтпеуіне кепілдік береді. Ұсынылған нұсқалардың ортаңғы корпусы 18-караттық сары алтын мен Everose алтынының тұтас блогынан жасалған.
Cosmograph Daytona моделіндегі хронограф түймелері тәрізді, үш есе су өткізбейтін жүйе жабдықталған және интегралды бастиек қорғағышы қорғайтын Triplock бұрамалы бастиегі және екі есе суға төзімді жүйе жабдықталған Twinlock бұрамалы бастиегі корпусқа мықтап бұрап бекітіледі. Модельдерде күн датасы функциясы жақсартылған оқылуды қамтамасыз ету үшін сағат 3-те Cyclops линзасы іс жүзінде сызатқа төзімді жақұт шыныдан жасалған және қос антибликті қаптаумен ерекшеленеді.




4131, 3285 және 9002 калибрі
Cosmograph Daytona, GMT-Master II және Sky-Dweller модельдерін толықтай Rolex компаниясы әзірлеген және жасаған автоматты жүргізу механизмі жетектейді. Технологияның үздік көрсетілімі, олар дәлдік, қуат қоры, ыңғайлы және сенімді болуы жағынан керемет жұмыс өнімділігін ұсынады.
Cosmograph Daytona моделінде 4131 калибрі жабдықталған, ол хронограф функциясы арқылы уақыт аралығын өлшеуге және оған қоса, сағатты, минутты және секундты көрсетуге мүмкіндік береді. 4131 калибрі мұқият өңделген эстетиканы көрсетеді, соның ішінде Rolex Côtes de Genève және байланыстырушы ротормен әшекейленген көпіршелер ерекшеленеді.
Механизмі 2018 жылы ұсынылғаннан бері GMT-Master II моделі 3285 калибрімен жабдықталған. Бұл модельге күн мен қосымша уақыт белдеуін 24 сағаттық форматта, сондай-ақ сағатты, минутты және секундты көрсетуге мүмкіндік береді.
Sky-Dweller моделінде 9002 калибрі жұмыс істейді, ол сағатты жылдық күнтізбені – күн мен айды – және сағаттар, минуттар және секундтармен бірге 24 сағаттық форматтағы қосымша уақыт белдеуімен қамтамасыз етеді. 2023 жылы ұсынылған 9002 калибрі бұл модель үшін эксклюзивті.
4131 калибрі, 3285 калибрі және 9002 калибрі Perpetual роторы арқылы автоматты түрде құлағынан бұрау жүйесімен жабдықталған. Бөшке тәріздес құрылымы мен түсіру механизмінің жоғары тиімділігі арқасында, бұл механизмнің қуат қоры тиісінше шамамен 72 сағатқа, 70 сағатқа және 72 сағатқа дейін жетеді.


Oysterflex, Oyster және Jubilee білезіктері
Cosmograph Daytona көгілдір түске лакталған циферблат пен ашық қара есептеуіштерімен Oysterflex білезігіне жабдықталған. Rolex дайындап жасаған және патенттеген, бұл білезік бөліктерінің әрқайсысында бір жоғары өнімді эластомерді жоғарыдан құйған екі иілген икемді металл жүзден жасалған.
GMT-Master II моделінің жолбарыс терісі тәріздес темір циферблаты Oyster білезігіне орнатылған. 1930 жылдардың саңында әзірленген, бұл үшқатарлы түйіннен тұратын металл білезік өзінің беріктігімен танымал.
Ашық жасыл циферблаты бар Sky-Dweller моделі Jubilee білезігімен ерекшеленеді. 1945 жылы шығарылған икемді және ыңғайлы бесқатарлы түйіні бар металл білезік Oyster Perpetual Datejust моделі үшін арнайы әзірленген.
Cosmograph Daytona моделінің Oysterflex білезігі және GMT-Master II моделінің Oyster білезігі кездейсоқ ашылып қалмайтын Oysterlock қауіпсіздік түймелігімен жабдықталған, ал Sky-Dweller моделінің Jubilee білезігінде жиналмалы Oysterclasp түймелігі жабдықталған.


Superlative Chronometer сертификациясы
Барлық Rolex сағаттары тәрізді, Oyster Perpetual Cosmograph Daytona, Oyster Perpetual GMT-Master II және Oyster Perpetual Sky-Dweller модельдерінде Rolex 2015 жылы қайта бекіткен Superlative Chronometer сертификаты бар. Бұл белгі брендтің шеберханаларынан шыққан барлық сағаттардың Rolex өз зертханаларында өз өлшемдеріне сәйкес жүргізілген бірқатар сынақтардан сәтті өткенін растайды және механизмдер Хронометрлерге ресми сынақ жасайтын швейцариялық институтта (COSC) ресми сертификациядан өтеді. Компания сертификация сынақтарын дәлдік, қуат қоры, су өткізбеушілік, автоматты түрде құлағынан бұрау тәрізді білектегі сағаттың жоғары өнімділікке кепілдік беріп, механизмді корпусқа орнатқаннан кейін толық құрастырылған сағатқа жасайды. Rolex Superlative Chronometer (дәлдігі жоғары хронометр) жүрісінің дәлдігі тәулігіне -2/+2 секунд тәртібінен тұрады. Бұл дайын сағаттар үшін бренд рұқсат ететін жылдамдық ауытқуы қозғалысты ғана ресми сертификаттау үшін COSC мақұлдаған стандарттан айтарлықтай аз.
Superlative Chronometer мәртебесінің символы жасыл мөрді білдіреді, ол Rolex-тің әр сағатына қосылады және халықаралық бесжылдық кепілдіктікпен бірге жүреді.